Алматы қаласы Спорт басқармасының «№10 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бастапқыда мектеп 1987 жылы №23 балалар мен жасөспірімдер мектебі болып құрылып, 2011 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қаулысымен №10 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі болып өзгертілді.
Мектеп қызметінің негізгі пәні Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Өз қызметінде мектеп келесі міндеттерді шешуге шақырылады:
а) балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жаппай тарту
б) балалар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру
в) спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, дарынды балаларды анықтау және оларды дарынды балаларға арналған мектеп–интернаттарға беру.
Мектептің негізгі бағыттары мен міндеттері:
«№10 ОРМБЖМ» МКҚК қызметінің мәні мен мақсаты спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
- Алматы қаласының спорт түрлері бойынша құрама командаларына қабылдау үшін үміткерлерді дайындау
- Бекітілген оқушылар контингентімен оқу-жаттығу сабақтарын және оқу-жаттығу жиындарын өткізу.
- Қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуды қамтамасыз ету.